Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да су тасқыны қаупіне орай өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:27 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-su-taskyny-kaupine-oray-ozenderge-tikushakpen-monitoring-zhurgizildi_a3774031


ШҚО-да су тасқыны қаупіне орай өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мамандар өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да еліктер аштан өліп жатқан жоқ – инспекция Сенатор жабайы жануарларды қорғауға қатысты ұсыныстар айтты Экология министрлігі «Теңізшевройлға» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен «Қазгидромет» РМК мамандары Ертіс пен Уба өзендеріндегі жағдайды тікұшақпен бақылады.

«Өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Бірақ су қауіпті деңгейден аспаған. Қазір жер-жерде қар жылдам еріп жатыр. Өңір аумағының қармен жабылған аумағы соңғы апталарда 33 пайызға дейін азайды. Риддер қаласында, Катонқарағай, Бородулиха аудандарында қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында – 71 см, - дейді ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Семей қаласы мен Алтай, Күршім, Бородулиха, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарындағы мұз кептелуі мүмкін 19 учаскеде профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 9,5 тоннадан астам жарылғыш зат пайдаланылған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385825
Пікірлер

Көрші сілтемелер