Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:12 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-zhylzhymaytyn-mulik-ortalygynyn-direktory-alayaktyk-zhasady-degen-kudikke-ilindi_a3774026


ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде атауы жоқ даңғылға Елбасы есімі берілді ШҚО-да өзін коммуналдық мекеме қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды ШҚО-да қарғын суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына Тарбағатай ауданының 60 жастағы тұрғыны хабарласқан. Өз сөзінде ол 2020 жылдың қазан айында жылжымайтын мүлік агенттігі кеңсесіндегі белгісіз әйел адамның ипотекалық бағдарлама бойынша пәтерді ресімдеуге көмек көрсететіндігін айтып, 3 786 000 теңге ақша сұрағанын жеткізді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері жылжымайтын мүлік агенттігінің 31 жастағы директорын ұстады. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385814
Пікірлер

Көрші сілтемелер