Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Рамазан айында қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар жарияланды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ramazan-ayynda-kyzyl-aymakta-ornalaskan-meshitterge-koyylatyn-talaptar-zhariyalandy_a3773992


Рамазан айында қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рамазан айында қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар белгілі болды. Оны бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дені сау адам фидия садақасымен оразадан құтыла алмайды – Бас мүфти Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма Рамазан айында жасыл аймақта орналасқан мешіттерге қандай талап қойылады

«Қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар сәл қатаңдау болады. Мешітте намаз оқитын орындарға, ауызашарға қатысты тəртіп: бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу, яғни жамағатпен оқымау; Намаз оқушылардың ара қашықтығы 2 метр болып арнайы белгіленген орындарда оқу; Намаз оқитын залдарда имамдар жəне намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен болу; Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру; Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу. Тарауық намазы оқылмайды. Намаз оқып болған соң мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу керек», - деді наиб мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бұл талаптар жергілікті бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отырады.

«Бұл талаптар сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау мақсатында жасалды. Сондықтан ҚМДБ бекіткен талаптарға түсіністік танытып, оларды орындауға шақырамыз», - деді Ершат қажы Оңғар.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385792
Пікірлер

Көрші сілтемелер