Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жемқорлықпен күрес: Ақмола облысында емдеу мекемесінің басшысы ұсталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:06 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhemkorlykpen-kures-akmola-oblysynda-emdeu-mekemesinin-basshysy-ustaldy_a3773939


Жемқорлықпен күрес: Ақмола облысында емдеу мекемесінің басшысы ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде «Авиценна» емдеу-алдын алу мекемесінің басшысы Жанар Молдантаева ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцинациядан кейін коронавирус қандай жағдайларда жұғуы мүмкін 7 сәуірде Қазақстанға шетелден ПТР анықтамасыз 21 азамат келді Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз көзқарасын айтты

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты судьясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен күдікті Жанар Молдантаеваға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Сотқа дейінгі тергеу органдары Ж.Молдантаеваға Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлігінің 2 тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтіріп отыр», - деп атап өтті ведомстводан.

Қаулы Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасына шағымданды.

Айта кетейік, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Ильясов Сулен өзіне сеніп берілген өзгенің мүлкін иемдену немесе шығындағаны үшін күдікке алынған болатын. Күдіктіге қатысты 1 сәуірде екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сот қаулысына апелляциялық алқаға шағым жасалды.

Ведомстводан атап өткендей, апелляциялық істерді қарау бүгінгі күнге тағайындалды. Күдіктілердің екеуі де бір баптан өтіп, бір күні қамауға алынды. Бірақ бұл екі мәселе байланысты ма, жоқ па, әлі анықталған жоқ.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385758
Пікірлер

Көрші сілтемелер