Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында бірқатар жол жабылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:39 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/akmola-pavlodar-zhane-karagandy-oblystarynda-birkatar-zhol-zhabyldy_a3756822


Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында бірқатар жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында боранға байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылды Ауа райының бұзылуынан 4 өңірде 14 жол учаскесі жабық тұр Боранға байланысты «Атырау-Орал» бағытындағы жол жабылды

Ақмола облысында 23 ақпан күні сағат 22.45-те ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) төмендегі жолдарда барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды:
1. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы аралығы.
2. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 16-51 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы аралығы.
Павлодар облысында 23 ақпан күні сағат 22.45-те Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті кенті аралығында барлық көлік түрінің жүруі шектелді.
Қарағанды облысында 23 ақпанда сағат 22.45-те Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 51-104 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Нұра кенті аралығында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды.

Елордада 23 ақпанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын) «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» жолының 19-180 шақырымы (Нұр-Сұлтан қ. – Қорғалжын қорығы) аралығында автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай және Ақмола облыстарында бірқатар жолдың жабылғанын хабарлаған едік.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359880
Пікірлер

Көрші сілтемелер