Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өскеменде такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:33 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/oskemende-taksi-zhurgizushisi-zholaushynyn-somkesin-tartyp-aldy_a3756793


Өскеменде такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде қаласында такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да жолаушылар кішкентай баламен бірге қар құрсауында қалды Семейде екі автобус екі жасөспірімді қағып кеткен ШҚО-да алаяққа алданған зейнеткер 3,5 млн теңгесінен айырылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 43 жастағы қала тұрғыны өзін такси жүргізушісінің тонап кеткендігін айтқан.

«Анықталғандай, жәбірленуші жол ақысын төлей алмаған. Такси жүргізушісі оны үйдің ауласынан түсіріп, әмияны, жеке куәлігі, 500 теңге ақшасы, банк картасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесін алып кеткен. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығын 45 000 теңгеге бағаланды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 389-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359821
Пікірлер

Көрші сілтемелер