Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Теннис: Денис Евсеев жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шықты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:03 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tennis-denis-evseev-zhuptyk-synda-nur-sultan-turnirinin-shirek-finalyna-shykty_a3756802


Теннис: Денис Евсеев жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Кукушкин Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шыға алмады Теннис: Александр Бублик Сингапур турниріне қатысады Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: Жұптық сын жеребесі тартылды

Қос Денис бастапқы кездесуін португалиялық Фредерику Феррейра Силва – чехиялық Томаш Махачпен өткізді.

Бірінші партияда португалиялық-чехиялық жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде Евсеев пен Истомин есе қайырды – 7:5. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:7.

Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.

Д.Евсеев пен Д.Истомин жартылай финалға шығу үшін осы жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген канадалықтар Петер Полански – Брейден Шнурмен таласады. Бұл екеуі қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Доштанбек Ташболатовты 6:2, 6:1 есебімен оңай жеңді.

Қазақстандықтардың жекелей сында бүгін де жолы болған жоқ. Алдымен Д.Евсеев өзбекстандық Д.Истоминге 7:6 (8:6), 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко америкалық Улисс Бланчпен шеберлік байқасты. Әуелі У.Бланч 6:4 есебімен басымдылық танытса, екінші сетте Д.Попко есе қайырды – 6:2. Шешуші, үшінші партия барысында Д.Попко қарсыласын қуып жеткенімен, тай-брейкте жеңісті уысынан шығарып алды – 6:7 (7:9).

Осылайша жекелей сында Қазақстаннан Д.Ташболатов қана қалды. Ол ертең алғашқы айналымда осы доданың 4-ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Аделаида турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359807
Пікірлер

Көрші сілтемелер