Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын соғып тұр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:45 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/soltustik-kazakstan-oblysynda-burkasyn-sogyp-tur_a3756763


Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын соғып тұр

ПЕТРОПАВЛОВСК. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 23 ақпанда күн райы бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды Синоптиктер наурызда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болатынын болжады Ауа райының бұзылуынан 4 өңірде 14 жол учаскесі жабық тұр

Таңертеңнен жел тұрып, боран соқты. 11:30-да аймақтағы барлық жол жабылды. Түске таман айтарлықтай күшейді.

«Облыс бойынша бұрқасын соғып тұр. Тайынша ауданында желдің жылдамдығы секундына 32 метрге, Петропавлда секундына 25 метрге жетеді. Циклон оңтүстік-батыстан келді. Ертең циклон шығысқа қарай жылжиды және жел басылады. Арктикалық антициклон тыл жағына ауысады. Бұл ауа температурасының төмендеуіне әкеледі», – деді «Қазгидромет» РМК филиалы директорының орынбасары Наталия Левина.

24 ақпанда өңірде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр, ұйытқуы секундына 30 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз 17-22 градус аяз, түнде минус 20-25 градус.

25 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын, қар жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз минус 23-28 градусқа дейін суытады, түнде – 30-35 аяз болады.

26 ақпанда ауа райы жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасының күндіз минус 23-28 градусқа дейін, түнде 33-38 градусқа дейін төмендеуі болжануда.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359727
Пікірлер

Көрші сілтемелер