Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – бас санитар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/nur-sultan-kyzyl-aymakka-kirudin-aldynda-tur-bas-sanitar_a3741228


Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – бас санитар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда «сары» мен «қызыл» аймақтардың түйіскен тұсына келді. Қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да коронавируспен ауырғандар саны артып келеді Алматы әкімдігі қала тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды Қызылорда облысында мониторингтік топтар жыл басынан бері 382 нысанға тексеру жүргізген

Қалалық әкімдіктің мәліметіне сенсек, соңғы күндері COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны 100 адамнан асып жығылатыны белгілі.

«Бірінші кезекте, бұл тәулігіне тапсырылатын тест санының артуына байланысты. Егер бұрын 2-2,5 мың адам тапсырса, қазір тәулігіне 4,5 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар, жаңажылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең өтеді. Яғни, санитарлық нормаларды елемеген адамдар бар. Енді бағытты түзеп, коронавирустың таралуын азайту керек. Бұған бізге карантиндік шектеу шаралары айтарлықтай көмектеседі. Қазір қосымша карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындап жатырмыз. Бұл қаланың әртүрлі аудандарында коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулауға көмектеседі», - дейді қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қаланың санитар дәрігері санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін, осы ғана бүкіл ағзаның жұмысына теріс әсер ететін ауруға қарсы панацея саналатынын атап өтті.

«Коронавирус адамның ең әлсіз мүшелеріне әсер етеді. Бұл әсіресе артерияларда, тамырларда және өкпеде қан ұйығыштардың (тормб) пайда болуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да ойлау керек»,-деді Сархат Бейсенова.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335761
Пікірлер

Көрші сілтемелер