Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да жыл басынан 250 литрден астам алкоголь тәркіленді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:45 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-zhyl-basynan-250-litrden-astam-alkogol-tarkilendi_a3741188


СҚО-да жыл басынан 250 литрден астам алкоголь тәркіленді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қаңтар айынан бастап тәртіп сақшылары рейд барысында 250 литрден астам заңсыз саудаланған спирттік ішімдіктерді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жаңадан екінші хоккей корты салынып, пайдалануға берілді СҚО-да полицейлер қатты аязда жолда қалған екі отбасын құтқарды СҚО-да былтыр бір тоннадан артық алкоголь заңсыз саудадан алынды

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 62 жастағы тұрғыны базардағы дүңгіршектердің бірінде спирт сатып келген. Тәртіп сақшылары оны профилактикалық рейд барысында анықтады. Саудагерден 135 литр спирт тәркіленді. Ер адам оның бір литрін 1500 теңгеден саудалап келіпті. Заңсыз саудаланған спирт тәркіленіп сараптамаға жөнелтілді. Ал заңды белден басқан саудагерге «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, қаңтар айының басынан бері облыс полицейлері заңсыз кәсіпкерлікпен айналысудың 8 фактісін анықтады. 250 литрден астам спирт тәркіленді.


Былтыр СҚО аумағында масаң күйде жасалған 853 қылмыс тіркелген. 10 500-ден астам құқық бұзушы алкогольдік сусындарды ішкені, қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін жауапқа тартылған. Заңсыз айналымнан 1242 литр спирт алынды.

Ал 14 қаңтардан облыс аумағында «Заң бұзушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Оның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335751
Пікірлер

Көрші сілтемелер