Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина алдымен медқызметкерлерге, мұғалімдерге, студенттерге егіледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:27 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-koronaviruska-karsy-vakcina-aldymen-medkyzmetkerlerge-mugalimderge-studentterge-egiledi_a3741185


СҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина алдымен медқызметкерлерге, мұғалімдерге, студенттерге егіледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның 80 мың данасы алынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да полицейлер қатты аязда жолда қалған екі отбасын құтқарды СҚО-да былтыр бір тоннадан артық алкоголь заңсыз саудадан алынды Петропавлда мереке күндері полицияға тұрғындар 1621 рет телефон шалған

СҚО-да өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Маманның айтуынша, жоспар бойынша облысқа бұл вакцинаның 80 мың дозасы алынбақшы. Бірінші кезекте екпе медицина қызметкерлеріне жасалады. Сондай-ақ, мұғалімдер, студенттер және созылмалы ауруымен тіркеуде тұрған сырқаттар егіледі. Мониторингтік топ мүшелері де алғашқылардың бірі болып екпе алады.

«Вакцинаның облысқа қай уақытта келетіні әзірге белгісіз. Жалпы коронавирусқа қатысты жағдайды қадағалап отырмыз. Өңірде вирус жұқтырғандарға арналған 1165 орын бар. Қазір олардың жартысына жуығында КВИ-мен ауырғандар және өкпесі қабынғандар ем алып жатыр. Тәулігіне стационарларға 40-қа жуық адам түседі. Демалыс күндері сырқаттар саны көп болды, 54 адамды жатқыздық», - дейді Нұрлан Айманов.

Маманның айтуынша, қазір 21 науас ауыр халде жатыр. Сегіз адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ал 1051 адам үйлерінде ем алуда.

«Жедел жәрдем» қызметіне тәулігіне 400-ге жуық шақырту түседі. Оның 70 шақтысы КВИ-ге байланысты. Бұдан басқа 98 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Олар орта есеппен күніне 550-ге жуық адамға қызмет көрсетеді», - дейді медициналық қызметкер.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335704
Пікірлер

Көрші сілтемелер