Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО: Алтай ауданының 4 елді мекені ауыз сумен қамтылмақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-altay-audanynyn-4-eldi-mekeni-auyz-sumen-kamtylmak_a3741164


ШҚО: Алтай ауданының 4 елді мекені ауыз сумен қамтылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда шалғай елді мекендер мен шағын ауылдардың тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, Алтай ауданында бұл мәселені шешу үшін 42 млн теңге сомасына блокты-модульдік станциялар орнатылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Осылайша, блокты-модульді станцияларды орнату нәтижесінде Богатырев, Северное, Крестовка және Ново-Крестьянка елді мекендерінің тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.

«Бұл істі қолға алған мердігер ұйым – «Фузия» ЖШС, келісім-шарт сомасы 42 млн.теңгені құрады. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталды, станциялар пайдалануға берілді», - деп атап өтті Алтай ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Расул Қарабалинов.

Бұдан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 185 км Алтай қаласының (қаланың орталық және батыс бөліктері) сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау бойынша 2 үлкен жобаны іске асыру жалғастырылды, бұл қалалық су құбыры желілерінің 70%-ын жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Северный ауылдық округінің Феклистовка ауылында 6,8 км су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар сәтті жүргізілді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335699
Пікірлер

Көрші сілтемелер