Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да коронавируспен ауырғандар саны артып келеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:24 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-koronaviruspen-auyrgandar-sany-artyp-keledi_a3741161


СҚО-да коронавируспен ауырғандар саны артып келеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында КВИ-ді жұқтырғандар саны артып келеді, өткен тәулікте 59 адамнан қауіпті инфекция анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында мониторингтік топтар жыл басынан бері 382 нысанға тексеру жүргізген Түркістан облысы коронавирустың екінші толқынына дайын ДДСҰ сарапшылар тобы COVID-19-дың пайда болу себебін анықтау үшін Уханьға келді

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті брифингте өңірдегі коронавирус бойынша жағдайға тоқталды. Департамент басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, облыста жағдай мәз емес, «қызыл аймаққа» кіруге шақ қалдық. Мәселен өткен тәулікте 59 адамда КВИ анықталған. Олардың 52-сі дәрігерге ауырып қаралған.

«Қызыл аймаққа» кіретін болсақ, шектеу шаралары күшейтіледі. Оған жол бермес үшін барлығымыз санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауымыз қажет. Халық көп шоғырланған жерлерге барудан бас тартып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтаған жөн. Әрине, маска тағуды да ұмытпаймыз», - дейді Арман Күшбасов.

СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 9 350-ге жетті. Олардың 60% -ы медициналық мамандарға көмек сұрап жүгінсе, 23%-і жұқтырғандармен байланыста болған. Ал қалғаны профилактикалық тексеріс барысында өздерінің COVID-19 жұқтырғандарын білген.

«КВИ барлық жастағы адамдардан анықталып жатыр. Дегенмен ауырғандардың басым бөлігі - 47%-і – жасы 50-ден асқандар. Шекара асып келгендердің де үлесі жоғары. Өңірде тіркелген жұқтырғандардың 4% - 364 адам шеттен ауырып келген», - дейді департамент басшысының орынбасары.

Жалпы 202 жылдың 6 қазаны мен 2021 жылдың 12 қаңтары аралығында Ресеймен шекарада орналасқан бекеттер арқылы 50,6 мың адам өткен. Олардың тек 16,2 мыңында ғана ПТР тест қорытындысы болған. Анықтамасы жоқ 2,5 мың адам тексеріліп, олардың 222-сінен КВИ анықталды», - дейді Арман Күшбасов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335674
Пікірлер

Көрші сілтемелер