Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа құлаған аумаққа жауапты компаниямен келісімшарт үзілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:12 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/nur-sultanda-ayel-kudykka-kulagan-aumakka-zhauapty-kompaniyamen-kelisimshart-uzildi_a3741159


Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа құлаған аумаққа жауапты компаниямен келісімшарт үзілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше Нұр-Сұлтан қаласында әйел құдыққа құлап кетті. Орын алған жайсыз оқиғаға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда пәтер өртеніп, 4 адам ауруханаға түсті Атырау облысында сұрапыл жел үш мектептің шатырын ұшырды Шахтадағы апат: қаза тапқан кеншінің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі - Қарағанды

«Әйел құдыққа түсіп кеткен аумаққа жауапты мердігер компаниямен келісімшарт үзілді. Аталған компания жұмысынан кемшілік анықталды. Оқиға орын алған жер учаскесінде жөндеу жұмыстары бітпеген және ол пайдалану балансына өтпеген. Жергілікті атқарушы органдар беті ашық кәріз құдықтарын жабу жұмыстарын күнделікті негізде жүргізіп жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Оның айтуынша, қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы кәріз құдықтарына қатысты қосымша тексеру жүргізетін болады.

Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтанда әйел адам құдыққа құлап кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

«Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің арқасында әйел адам құдықтан аман-есен шығарылып, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бұдан соң 1- көп салалы қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі кезде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, үйіне жіберілді»,-деп хабарлаған болатын Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдай департаменті.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1335669
Пікірлер

Көрші сілтемелер