Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ташкентте ұзындығы 10 метр мега кәуап пісірілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:45 - 2020/10/19

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tashkentte-uzyndygy-10-metr-mega-kauap-pisirildi_a3707778


Ташкентте ұзындығы 10 метр мега кәуап пісірілді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында тағам фестивалінде өзбек аспаздары ұзындығы 10 метр кебаб (кәуап) әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жексенбі күні Өзбекстан астанасындағы «Навруз» саябағында «Kabob sayli» гастрономия фестивалі өтті, онда аспаздарға арнайы алаң жабдықталды.


Кәуапты әзірлеуге жиырмаға жуық аспаз жұмылды. 10 метрлік істікке етті шаншып болған соң, оны арнайы қақтайтын мангалға қойды. Шоққа қақталған кәуаптың ұзындығы 10 метр болды. Оны фестиваль ұйымдастырушылар растады.

Шара кезінде қолөнер шеберлері, суретшілер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ән-күй ойналды.

Еске сала кетсек, 2017 жылы күзде Ташкентте палау басудан рекорд орнатылды. 50 аспаз бір қазанда 7 тонна 360 келі палау пісіріп, жетістіктерін Гиннестің рекордтар кітабына жаздырды


Авторы Мирас Қуандықов


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282876
Пікірлер

Көрші сілтемелер