Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралда көппәтерлі үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:36 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/oralda-koppaterli-uydegi-ortten-25-adam-evakuaciyalandy_a3707746


Оралда көппәтерлі үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда көппәтерлі үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде дүкеннен өрт шығып, 9 адам эвакуацияланды Елордада екі адам өрттен мерт болды Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қазан күні сағат 15.05-те Қ.Аманжолов көшесіндегі 162-үйде болған.

Бес қабатты үйдегі 28-пәтерде жеке заттар мен диван жанған. Соның салдарынан 25 адам эвакуацияланса, оның 9-ы – бала. Өрт департамент күшімен (11 адам, 4 техника) сағат 15.46-да сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім з ардап шекпеді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

«Пәтердегі өрт өте қауіпті. Статистика бойынша республикадағы өрттердің 70 пайыздайы және одан қаза табатындардың 90 пайызға дейіні осы тұрғын үйлердің үлесіне тиеді. Сондықтан әр тұрғынның өз үйінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұлжытпай сақтау аса маңызды», деді ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің зілзала қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өртенген үйден оттегі баллоны шығарылғанын жазған болатынбыз.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282838
Пікірлер

Көрші сілтемелер