Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралда өртенген үйден оттегі баллоны шығарылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:30 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/oralda-ortengen-uyden-ottegi-ballony-shygaryldy_a3707688


Оралда өртенген үйден оттегі баллоны шығарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда өртенген үйден оттегі баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада екі адам өрттен мерт болды Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп кетті Нұр-Сұлтанда құрылысы бітпеген ғимараттан өрт шықты

БҚО ТЖ департаменті мәлім еткеніндей, 18 қазан күні сағат 01.28-де А.Тайманов көшесі 58-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жау» департамент күштерімен (14 адам, 4 техника) сағат 02.07-де ауыздықталды.

Өрт орнынан құтқарушылар 1 оттегі баллоны мен 5 сыра ыдысын (кега) шығарып үлгерді.

Зардап шеккендер жоқ.

«Әрбір тұрғын құтқарушылар келгенге дейін не істеу керектігі жөніндегі қарапайым ережені білуі тиіс. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттар кеңінен таратылуда. Департамент әлеуметтік желілерде оқыту фильмдері мен мультфильмдерді салуда. Мектептерде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қатысуымен сабақтар өткізілуде. Ең бастысы, адамдар өрт қауіпсіздігі ережесін сақтай білсе, өз басына да, өзгеге де қауіп төндірмейді», деді ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің зілзала қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев.


Биыл 2 қазанға дейін облыста 493 өрт (2019 жылы осы мерзімде – 419) тіркелсе, соның 279-ы тұрғын үй секторында болды.

Өрт салдарынан 5 адам (2019 жылы – 5) көз жұмса, олардың бәрі де мас күйінде болған. 8 адам (2019 жылы – 7) түрлі жарақат алды.

Өрттен келген залал 134,958 млн теңгеге (2019 жылы – 11,923 млн теңге) жетті.

Өңірде 17 орман өрті тіркеліп, өткен жылғыдан (4) анағұрлым өсіп кетті. Сондай-ақ 67 дала өрті (2019 жылы – 0), 348 табиғи жану (237) қоршаған ортаны шарпыды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеке үй өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282789
Пікірлер

Көрші сілтемелер