Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ауыл - ел бесігі: Түлкібастағы елдімекеннің 16 көшесі жөнделіп, пайдалануға берілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:57 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/auyl-el-besigi-tulkibastagy-eldimekennin-16-koshesi-zhondelip-paydalanuga-berildi_a3707629


Ауыл - ел бесігі: Түлкібастағы елдімекеннің 16 көшесі жөнделіп, пайдалануға берілді

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында елдімекендердің инфрақұрылымдары ретке келтірілуде. Састөбе кентінде 16 көше жөнделіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Аудандық әкімдіктің мәлеметінше, жыл басынан бері кент аумағында ауқымды жұмыстар атқарылған. Ауыл орталығынан «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында көшелер ағымдағы және күрделі жөндеуден өтіп, түнгі шамдар орнатылған.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынған. Соңғы жылдары кент тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты мәселелердің бірі тозығы жеткен электр бағаналары мен желіні және трансформаторды ауыстыру болатын.


Бұл мәселе де толығымен шешімін тапқан. «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде кенттің ішкі көшелерінің тозығы жеткен 8,4 шақырымды құрайтын электр желісі толығымен жаңартылып, 120 бағана мен қуаты 400 КВ құрайтын жаңа трансформатор орнатылған.

Сонымен қатар, кент орталығындағы көп жылдан бері жөндеуді қажет ететін соғыс ардагерлер аллеясыда толығымен жөндеуден өтіп, кент шегінен заманауи кәріздік сорғы станциясы мен кәріздік суларды тазалау орны бой көтерген.

Жүйенің ерекшелігі - тұрғындар пайдаланған кәріз суын қайта өңдеп, өңделген таза суды егін суғару мен балық шаруашылығы сынды түрлі бағытта пайдалануға болады.

20 қазанға дейін аталмыш құрылғыға құбыры дайын 200 тұтынушыны қосу жоспарланып отыр.


Кентте жер кезегінде тұрған тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Биыл кент шетінен 54,6 гектар жерге (150 жер телімі) инфрақұрылым тартыла бастады. Бүгінгі таңда электр желісін тарту жұмыстары аяқталған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282781
Пікірлер

Көрші сілтемелер