Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Асар: Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жанға ауылдастары үй салып берді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:00 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/asar-kyzylordada-mumkindigi-shekteuli-zhanga-auyldastary-uy-salyp-berdi_a3707680


Асар: Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жанға ауылдастары үй салып берді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында жергілікті тұрғындар асар әдісімен мүмкіндігі шектеулі отбасыға үй салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ауданға қарасты Қ.Пірімов атындағы ауылда тұратын Орысбай Науқанбаев - дүниеге келгеннен екінші топ мүгедегі. Әйелі де - мүмкіндігі шектеулі жан.

Олар тұратын үйді жыл сайын су басып қалатын. Биылғы көктемде нөсер жаңбыр салдарынан мол су үй ішіне дейін жайылып кеткен. Салдарынан баспана жарамсыз күйге түсті.

Елдегілер ортақ шешімге келіп, жаңа үйдің кірпішін қалауды бастап кетті.

«Жерлестері ағамызға үй салу жөнінде шешімге келдік. Алғашқыда санаулы азаматтан қаржы жинайтын болып келісілген. Алайда біз әлеуметтік желі беттерінде қысқаша ақпарат жарияладық. Содан кейін осы ауылда дүниеге келген, қазір еліміздің әр түкпірінде жүрген азаматтар да көмек қолын созатынын жеткізді. Небәрі үш күнде қомақты қаржы жиналды. Осылайша игілікті іске сыртта жүрген және ауылдағы ағайын бірге жұмылды. Асарға күніне 100 адамға дейін жиналған уақыт болды», - дейді мектеп мұғалімі Сәбит Ықыласов.

Жерлестерінің жанашырлығы арқасында мүмкіндігі шектеулі отбасы жайлы баспанаға қол жеткізді. Жақында олар жаңа үйге көшті. Жаңа үйге кірген О.Науқанбаев өз алғысын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін қазалылық еріктілер тұрмысы төмен отбасына баспана салып берген еді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282769
Пікірлер

Көрші сілтемелер