Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:51 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-syrtky-sayasi-vedomstvosy-azirbayzhan-halkyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady_a3707722


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Әзербайжан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті әріптестер, бауырлас Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Гүлдену мен өркендеу тілейміз!» делінген еліміздің сыртқы саяси вдеомствосының Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін - Әзербайжан елінің Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» конституциялық шарт қабылданған.

Әзербайжан - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Астанасы - Баку. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 27 тамыздан бастап орнаған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282764
Пікірлер

Көрші сілтемелер