Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда екі футбол командасының ойыны күмән туғызды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:03 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-eki-futbol-komandasynyn-oyyny-kuman-tugyzdy_a3707715


Қазақстанда екі футбол командасының ойыны күмән туғызды

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Қызыл-Жар СК М» – «SD Family» кездесуінің нәтижесін тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Астана» футбол командасын енді ресейлік Андрей Тихонов жаттықтырады Футбол: Зайнутдинов ЦСКА клубының үздік ойыншысы атанды Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңілді

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ақпаратына сәйкес, Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің 5-тур ойыны күмән туғызған.

«Үшінші топтың «Қызыл-Жар СК М» – «SD Family» кездесуі Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы тарапынан қосымша тексеріледі. Қазір аталған кездесудегі букмекерлік кеңселердің котировкалары, соның ішінде Live режиміндегі коэффиценттер және ойынның бейнежазбасы зерттелуде. Сонымен қатар ойынның ресми өкілдерін сұрастыру жұмыстары қолға алынды» делінген футбол лигасының ресми сайтындағы ақпаратта.

Арнайы мамандардың тексеріс қорытындысы ресми сайтта қосымша хабарланады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1282752
Пікірлер

Көрші сілтемелер