Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Демографиялық дамуы саясатының тұжырымдамасын әзірлеу қажет - Ләззат Сүлеймен



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/demografiyalyk-damuy-sayasatynyn-tuzhyrymdamasyn-azirleu-kazhet-lazzat-suleymen_a3695666


Демографиялық дамуы саясатының тұжырымдамасын әзірлеу қажет - Ләззат Сүлеймен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Ләззат Сүлеймен Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады Қазақстан полицейлері украиналық әріптестермен тікелей байланысатын болады - заң

Онда сенатор ұлттық деңгейде де, өңірлік деңгейде де адами капиталдың саны мен сапасын бағалаудың заманауи мемлекеттік басқарудағы орны ерекше екеніне тоқтала келіп, демографиялық факторлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

«Соңғы онжылдықта Қазақстан халқының саны 2 миллион 400 мың адамға немесе 15,1 пайызға өсті, негізінен оның табиғи өсімімен қамтамасыз етілді», - деді сенатор Л.Сүлеймен өзінің сауалында.

Оның пайымынша, демографиялық өзгерістердің теріс салдарын еңсеруді алдын ала стратегиялық жоспарлау және бұл мақсатқа қол жеткізіп демографиялық дивиденд алу үшін, мемлекет адам капиталына инвестициялардың деңгейі мен қайтарымын арттыруға бағытталған саясат жүргізуі тиіс. Ол үшін жастардың еңбек нарығына тартылуын ұлғайту, жастардың денсаулық, еңбек және репродуктивті құқықтары, әлеуметтік қолдау кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған, бала тууды қолдау саясаты нақты әрі нәтижелі болуы тиіс.

Сенатор бұл қадамдар халықтың саны мен бөлінуін, оның ағымдағы және болжамды жас құрылымы мен өсу қарқынын түсіну қажет екеніне тоқталды. Сондықтан ішкі көші-қон ағындарын реттеу жөніндегі міндет, демографиялық даму, халықтың динамикасын болжау және оның орнықты дамуымен, репродуктивті денсаулығымен әрі құқықтарымен, гендерлік теңдікті күшейтумен, отбасы мен халықтың әлсіз топтарын қолдаумен байланысты мәселелерді бірыңғай мемлекеттік демографиялық саясат етіп жүйелеу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар еліміздің демографиялық дамуы (демографиялық қауіпсіздік) саясатының 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасын/тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін айтты.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1262045
Пікірлер

Көрші сілтемелер