Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:57 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/nasa-tirshilik-izderin-izdeu-maksatynda-sholpan-planetasyna-zond-zhibermek_a3695665


НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек

ВАШИНГТОН. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – НАСА ғарыш агенттігі ұсынылған төрт миссияның ішінен екеуін мақұлдауы мүмкін. Оның ішінде Шолпан планетасы да бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл планетадан тіршілік іздерін анықтауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жапония үкіметі отставкаға кетіп, жаңа Премьер-Министр сайланды Бахрейн мен БАӘ Израильмен бейбітшілік туралы келісімге қол қойды Грекиядағы босқындар лагерін өртеді деген күдікке ілінген алты адам ұсталды

Халықаралық зерттеушілер тобы Шолпанның қышқылды бұлттарында болуы мүмкін микробтар жайлы айтты. Оған дәлел – фосфиннің қалдықтары (жердің оттегі жоқ ортасында бактериялар шығаратын газ). Мұндай дерек тіршіліктің планетамыздан тыс жерде де бар екендігінің мысалы бола алады. Ақпан айында ғарыш агенттігі ұсынылған 4 миссияны таңдады, олар қазіргі уақытта қарастырылуда. Екі миссия Шолпан планетасына автоматты зондтарды жіберуді қарастырады. Олардың бірі DAVINCI+ деп аталады және ол Шолпан планетасының атмосферасын зерттейді.

Дэвид Гринспун – DAVINCI+ миссиясымен жұмыс істейтін астробиолог Davinci миссиясы Венераның атмосферасын ішінен қарап, онда не болып жатқанын білуге мүмкіндік беретінін айтты. Қалған үш ұсынысқа IVO – Юпитердің Ио жанартау спутнигіне бару миссиясы; Trident – Нептунның ең үлкен спутнигі Тритонды айнала ұшу және VERITAS миссиясы – геологиялық тарихты зерттеу үшін Венераға бару ұсынылған екінші миссия. НАСА бір немесе екі миссия мақұлдануы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Күн жүйесіндегі тіршілік іздерін табу әрекеттерінде Шолпан планетасы қарастырылмағаны айтылды. Осы жылдың шілдесінде НАСА Марс планетасында ықтимал тіршіліктің іздерін табу үшін жаңа буын планетасын іске қосты делінген.

НАСА әкімшісі Джим Брайденстайн Шолпанға назар аударатын уақыт келді дейді. Ол сондай-ақ миссияларды іріктеу процесі адал және әділ өтетініне сенім білдірді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1262042
Пікірлер

Көрші сілтемелер