Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстарынан 540 тонна азық-түлік жеткізіледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:42 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elordadagy-zharmenkege-kyzylorda-men-aktobe-oblystarynan-540-tonna-azyk-tulik-zhetkiziledi_a3695661


Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстарынан 540 тонна азық-түлік жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік жеткізеді. Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30 блогының құрылысы аяқталуға таяу - әкім Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды Нұр-Сұлтанда ҚХА-ның 25 жылдығына арналған конференция өтіп жатыр

19 және 20 қыркүйекте «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынатын болады.

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар және т. б. сату жоспарланып отыр.


Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады («Айс» ЖШС, «Агрофирма Тау» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС, «Айбек» ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, «Степное» ЖШС, «Рокос» ЖШС, «Изет ГринХаус» ЖШС және «Гринхаус Қазақстан» ЖШС жылыжай көкөністері, «Мир круп» тұзы, «Жаңажол» күріш, «Сыр маржаны», «Байқоңыр» Агрохолдингі», «Наймир», «Байқоңыр» ӘКК).

«Келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы керек. Маска тағып, антисептик қолдануды ұмытпаңыз»,-делінген хабарламада.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1262032
Пікірлер

Көрші сілтемелер