Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:18 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/senat-sybaylas-zhemkorlykka-katysty-kuzhatty-mazhiliske-kaytardy_a3695650


Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқылады. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жемқорлық туралы хабарлағандарға 1,5 млн теңге сыйақы берілген Қазақстан полицейлері украиналық әріптестермен тікелей байланысатын болады - заң Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік берілмек

«Заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында Сенат депутаттарының ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмыс жасауға арандату) өзгерістер енгізу ұсынылады, оған сәйкес қылмыс жасауға арандату деп кейін әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның заңсыз әрекеттері жатады. Бұдан басқа, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 1-бабының 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген 2-1-бөлігіне сәйкес Кодекске өзгерістер немесе толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты бұл заң жобасынан Кодекске осы түзетулерді алып тастау қажет», - деді сенатор Андрей Лукин.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2019 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, әзірленген заң жобасының мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіруне арналған. Заң жобасымен 4 кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заң жобасының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі түрде алдын алу жөніндегі қосымша шараларды енгізу.

Атап айтқанда:

- мемлекеттік қызметшіге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым белгіленеді;

- өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым енгізіледі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1262011
Пікірлер

Көрші сілтемелер