Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:39 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/senat-erekshe-korgalatyn-tabigi-aumaktarga-katysty-zandy-kabyldady_a3695629


Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік берілмек Өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіретін кеңестер құрылады – заң жобасы Сенаторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға қатысты құжатпен жұмыс істеуде

«Қаралып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін, ерекше маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланбаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Заң жобасымен Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр», - деді сенатор Әбдәлі Нұралиев.

Заң жобасы 10 қыркүйекте Сенат отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

«15 қыркүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттарынан ұсыныстар келіп түскен жоқ», - деп нақтылады депутат.

Қаралып отырған заң жобасың қабылдау арқылы аталған мәселелерді шешумен қатар: ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар әрі кері қайтарылатын жер учаскелерінде орналасқан табиғи кешендерді және табиғи-қорық объектілерін сақтау, экологиялық туризмді дамыту мен табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын ұлғайту мүмкіндіктері болады күтілуде.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1261983
Пікірлер

Көрші сілтемелер