Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Қорғас ісі»: Қазақстанға Швейцариядан 390 млн теңге қайтарылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:15 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/korgas-isi-kazakstanga-shveycariyadan-390-mln-tenge-kaytaryldy_a3695613


«Қорғас ісі»: Қазақстанға Швейцариядан 390 млн теңге қайтарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға Швейцариядан 390 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Бес жыл іздеуде жүрген ер адам Павлодар маңынан табылды 8 айда мемлекеттік бюджет 5 трлн теңгеден аса салық түсімдерімен толықты Жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды несие рақымшылығын жүргізу қажет – Айқын Қоңыров

«2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды» делінген хабарламада.

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі шетелдік компанияның Швейцария банкіндегі шотында болған.

Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген.

Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын.

Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1261963
Пікірлер

Көрші сілтемелер