Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандық прокурорлар Швейцариядан 390 млн теңгеден астам қаржыны қайтарды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:09 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-prokurorlar-shveycariyadan-390-mln-tengeden-astam-karzhyny-kaytardy_a3695610


Қазақстандық прокурорлар Швейцариядан 390 млн теңгеден астам қаржыны қайтарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн. теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептердің қаржылық шығындарын алдағы уақытта арнайы сайттан көріп отыруға болады Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеуі керек Коронавируспен күреске бөлінген қаражат қайда жұмсалып жатыр

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған.

Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн. теңге қайтарылған болатын.

«Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн. теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды»,-делінген хабарламада.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1261958
Пікірлер

Көрші сілтемелер