Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Еуропа лигасы: «Астана» топтық кезеңге жете ала ма



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:42 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/europa-ligasy-astana-toptyk-kezenge-zhete-ala-ma_a3695594


Еуропа лигасы: «Астана» топтық кезеңге жете ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Астана» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында Черногорияның «Будучность» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт кешені салынады Футбол: Бірінші лига ойындары басталды Елімізде 2 мыңға жуық мектепте спорт залы жоқ – Мектеп спорты федерациясы

Естеріңізге сала кетелік, «Астана» алдымен UEFA Чемпиондар лигасында сынға түсті. Турнирдің алғашқы іріктеу сатысында Беларусьтің «Динамо» (Брест) командасынан 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Будучность» сол турнирдің алғашқы сатысында Болгарияның «Лудогорец» клубынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша екі команда да енді жарысты Еуропа лигасында жалғастыруға жолдама алды.

Черногориялық клуб 1925 жылы құрылған. Команда ел астанасы – Подгорице қаласының намысын қорғайды. Клуб 1946 жылы Югославия жоғары лигасына шыққан черногориялық тұңғыш команда болды. 1964/65 және 1976/77 жылғы кезеңде Югославия кубогы финалына дейін жетті. Бұл команданың сол кезеңдегі ең жоғары жетістігі саналады.

Команда құрамында кәріқұрлықтағы белгілі клубтарда ойын көрсеткен футболшылар бар. Олардың қатарында Испанияның «Эспаньолында» доп тепкен Бранко Брнович, Италияның «Миланының» намысын қорғаған Деян Савичевич, Испанияның «Валенсия», «Реал Мадрид», «Леванте», Италияның «Фиорентина» клубтарының жейдесін киген Пиодраг Миятович секілді ойыншылар жиі айтылады. Қазір команда құрамында негізінен черногориялық футболшылар ойын көрсетеді.

Черногорияның өз чемпионатында 2007/08, 2011/12, 2016/17, 2019/20 жылғы кезеңде төрт мәрте чемпион атанды. Сондай-ақ, олар бес мәрте күміс, бір мәрте қола жүлдегер болды. Бірнеше мәрте өз елінің атынан еурокубок ойындарына қатысты. Дегенмен бүгінгі күнге дейін топтық кезеңге дейін жете алған жоқ.

Команда өз алаңындағы ойынын Подгорице қаласында орналасқан «Под Горицом» стадионында өткізеді. Бұл стадионға 15 мыңнан астам жанкүйер сыяды.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы кездесу 17 қыркүйекте елорда уақытымен 20.00-т-де басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1261942
Пікірлер

Көрші сілтемелер