Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Qazaqstan» телеарнасынан «Жақсылық» фильмі көрсетіледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:06 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/qazaqstan-telearnasynan-zhaksylyk-fil-mi-korsetiledi_a3678990


«Qazaqstan»  телеарнасынан «Жақсылық» фильмі көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 19:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильм Токио Олимпиадасы қарсаңында елде және шет мемлекеттерде де көрсетіледі деп жоспарланған. Алайда әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты кинотеатрлардағы көрсетілімі кейінге шегеріліп келді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ҚР мәдениет және спорт министрлігіне көркем туындыны телекөрерменге ұсыну құқығын бергені үшін алғыс білдіреді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұдан бөлек бүгін Жақсылық Үшкемпіровтың қатысуымен түсіріліп, бейнеқорда сақталған «Келбет», «Дара жол», «Сен де бір кірпіш дүниеге...» хабарларын ұсынады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1232309
Пікірлер

Көрші сілтемелер