Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құрбан айт: 60 мыңға жуық мұқтаж отбасыға ет жеткізілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:12 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kurban-ayt-60-mynga-zhuyk-muktazh-otbasyga-et-zhetkizildi_a3678974


Құрбан айт: 60 мыңға жуық мұқтаж отбасыға ет жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат muftiyat.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Құрбан айт: Үйітілген қой басы да мұқтаж жандарға таратылуда Алтай Әбибуллаев: Құрбан айтта – мейірім мен ізгілік насихатталады Бас мүфти: Құрбан айт –Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі

Үйлестіру жұмыстарына бекітілген ҚМДБ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.

Мұсылман қауымының ұлық мейрамында қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы республика бойынша 58 456 мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізді.

Еліміз бойынша www.qurban2020.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді. Уәкілдік құрбандыққа қатысты туындаған сұрақтар бойынша азаматтермен жеке жұмыс жасалып, мамандарымыз тиісті жауаптарын берді. Сұрақтар толығымен қанағаттандырылды.

Айта кетсек, айттың бірінші күні (31.07.2020) ҚМДБ-ның аймақтағы өкілдіктері көмекке зәру 30 715 отбасыға құрбандық етін жеткізіп, мерекелік қуанышқа бөлеген болатын. Ал айттың екінші күнінде (01.08.2020) 27 741 отбасыға ет үлестірілді. Жалпы алғанда, яғни, барлық облысты қамтығанда Құрбан айттың екі күнінде 58 456 жанұяға ет жеткізілді.

Сонымен қатар, құрбандыққа шалынған мал еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға тегін таратылды. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіруде.

Сондай-ақ, қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы жылы лебіздер мен игі тілектер келіп түсуде.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1232268
Пікірлер

Көрші сілтемелер