Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Илон Crew Dragon ғарыш кемесінің астронавттары бүгін түнде жерге оралады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:27 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ilon-crew-dragon-garysh-kemesinin-astronavttary-bugin-tunde-zherge-oralady_a3678970


Илон Crew Dragon ғарыш кемесінің  астронавттары бүгін түнде жерге оралады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік ғарышта бүгін, 2 тамызда, тарихи оқиға болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бұған дейін 31 мамырда Crew Dragon ғарыш кемесінің ұшқаны туралы хабарланған болатын . Ол соңғы тоғыз жылда АҚШ-та шығарылған және оның аумағынан ұшырылған алғашқы ғарыш кемесі болды.

ХҒС-ға келген америкалық астронавттар Даглас Херли мен Роберт Бенкен 31 мамырдан бері екі ай бойы ғарыш станциясының экипаждарының құрамында жұмыс істеді және ХҒС-дағы миссиясын аяқтады.

2020 жылдың 2 тамызында Мәскеу уақытымен сағат 02:34-те NASA астронавттары Даглас Херли мен Роберт Бенкенмен бірге Crew Dragon (Endeavour ) кемесі ХҒС-да түйісті, деп хабарлайды Илон Маск компаниясының сайтында https://www.spacex.com/launches /.

Crew Dragon кемесінің қонуы 2 тамызда Мәскеу уақытымен 21:41 немесе Нұрсұлтан уақыты бойынша 3 тамызда 00:41-ге жоспарланған. Флорида штатының Пенсакола жағалауында суға қонуы мүмкін. Мексика шығанағы Пенсакола жағалауына қонады деп жоспарланған. Тікелей трансляцияны NASA америкалық ғарыш ведомствосының сайтынан, сондай-ақ SpaceX сайтынан көруге болады.

Астронавтарды SpaceX Go Navigator кемесі қарсы алады. Іздеу-құтқару кемесінің бортына жеткізілгеннен кейін, астронавтар медициналық тексерістен өтіп, төрт сағаттан кейін Флоридаға әуе немесе теңіз жолы арқылы жеткізіледі деп күтілуде.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1232252
Пікірлер

Көрші сілтемелер