Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:09 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/olimpiada-chempiony-zhaksylyk-ushkempirov-omirden-ozdy_a3678966


Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Чапаев кеңшарында дүниеге келген.


Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы «Жақсылық» көркем фильмі түсірілді. Үшкемпіровтің жасөспірім және бозбала шағын Эльнар Назаркул мен Сануржан Сүлейменов, ал 60 жастағы кезін Досжан Жанботаев ойнады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1232243
Пікірлер

Көрші сілтемелер