Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Адамдар отырған моторлы қайық суда аударылып қалды - Семей



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:33 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/adamdar-otyrgan-motorly-kayyk-suda-audarylyp-kaldy-semey_a3678961


Адамдар отырған моторлы қайық суда аударылып қалды - Семей

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде адамдар отырған қайық суда аударылып кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 1 тамызда жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлеріне аударылған қайықтың ішіндегі адамды құтқаруын сұраған жастар хабарласқан.

«Жігіттер металдан жасалған моторлы қайықпен жүзіп жүріп, одан секірген, бір сәтте қайық аударылып кетті. Екі адам жүзіп шыққан, үшіншісі көрінбеген. Келген құтқарушылар жас жігіттің қайық аударылып кеткен жерден 150 м қашықтықта жағаға шыққанын анықтаған. Оған ешқандай көмек қажет болмаған. Жастар құтқару жилеттерін кигендіктен, қайғылы жағдай тіркелмеген», - деп хабарлады ШҚО ТЖД-да.

Екінші оқиға Бұқтырма су қоймасында болды. Құтқарушылардан қайықпен кетіп, ұзақ уақыт бойы оралмаған ер адамды іздеп, көмек сұраған. Ер адам аман-есен табылған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1232230
Пікірлер

Көрші сілтемелер