Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:54 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-eldi-aruak-shakyryp-emdegen-eki-ayel-ustaldy_a3667764


СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары діни заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу нәтижесінде, жыл басынан бері 7 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да заңсыз аң аулағандар ұсталды Қызмет барысында қаза тапқан полицейдің ісі: сот үкім шығарды Кентауда әлеуметтік көмек алуға көмектесем деп жұртты алдаған әйел ұсталды

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда тыйым салынған «Ата Жолы» оккульттік-мистикалық діни ағымды ұстанушы – Петропавл қаласының екі тұрғыны жұртқа дәстүрлі емес емдеу қызметін көрсеткен. Сеансқа келгендерді аруақ шақырып емдеймін деп уәде еткен екі әйел енді 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

«YouTube» видеохостингіне мониторинг жүргізу барысында діни сипаттағы бейнематериалдарды таратудың дерегі анықталды. Осыған байланысты Петропавл қаласының 50 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік материал жиналды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен оған діни әдебиетті және діни мазмұндағы басқа материалдарды таратуға үш ай шектеу қойылды және 132 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға болады. «Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады. Жыл басынан анықталған 7 факті бойынша 6 адамға 50-ден 100-ге дейінгі АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Бір материал сараптамаға жіберілді», дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Алмас Шитқанов.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1211379
Пікірлер

Көрші сілтемелер