Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырауда кәсіпкерлер облыстық ауруханаға 2 жасанды тыныс беру аппаратын сыйлады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:00 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/atyrauda-kasipkerler-oblystyk-auruhanaga-2-zhasandy-tynys-beru-apparatyn-syylady_a3667754


Атырауда кәсіпкерлер облыстық ауруханаға 2 жасанды тыныс беру аппаратын сыйлады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кәсіпкерлер 2 өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте спорт кешенінде ашылған провизорлы орталыққа дәрігерлер керек Атырауда Сенат депутаттығына 5 үміткер тіркелді Павлодар облысында бір күнде 367 адамнан өкпе қабынуы анықталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұған дейін облыста өкпені жасанды желдететін 111 аппарат болған. Енді кәсіпкерлердің демеушілігімен облыстық ауруханаға коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуде қолданылатын осындай 2 аппарат алынған.

«Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді. Билік ақ халатты абзал жандарға барынша жағдай жасауда. Дегенмен, бәріміз бір мезетте жұмылып күрессек, бұл індеттен арылудың ауылы алыс емес деп білемін. Бірер күн бұрын облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерімізді осы індетпен жұмылып күресуге шақырған едім. Іле-шала қолдау білдіруші кәсіпорындар табылды. Оларға алғыс білдіреміз. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болсақ, бұл індетті де бірге жеңеміз», - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылатынын хабарлап едік.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1211369
Пікірлер

Көрші сілтемелер