Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-221434232351 %49 %

СҚО әкімі жолдарды жөндеуге берілетін кепілдікті 5 жылға дейін ұзартуды ұсынды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:45 - 2019/11/09


СҚО әкімі жолдарды жөндеуге берілетін кепілдікті 5 жылға дейін ұзартуды ұсынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтуынша, мердігерлер жол жөндеу сапасына кем дегенде 5 жылға кепілдік беруі тиіс, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында автожолдарды қысқа дайындау жұмысы пысықталды Таразда бұған дейін жөндеу көрмеген 85 көшеге асфальт төселуде Оңдасын Оразалин: Ақтөбедегі ең бірінші проблема – жол

Аймақ басшысының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кейбір жолдар бойынша жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Қ. Ақсақалов мұндай фактілер барынша азайтылуы қажет екенін атап өтті.

«1 жыл кепілдік не болады? Мердігерлер өз жұмысына кем дегенде 5 жылға кепілдік беруі тиіс. Сонда ғана олар оны сапалы орындауға мүдделі болады. Бұл аула ішіндегі аумақтарды жөндеуге де қатысты», - деп есептейді облыс әкімі.

Үш жыл ішінде өңірде 2 мың км жол жөнделді. Жұмысқа 76 млрд теңге жұмсалды. 2020 жылы жолдарды жөндеу жұмысы жалғасады. Облыс әкімі аудан орталықтарына жақсы жолдардың қажет екенін атап өтті.


«Келесі жылы біз осы бағыттағы жолдарды жөндеуді бастаймыз. Бұл Чкалово, Рузаевка, Возвышенка, Благовещенка және басқа да бұрынғы аудан орталықтарына қатысты. Жөндеу жұмыстары кейбір ауылдарда да болады. Аудан әкімдері нақты жоспарлар ұсынуы тиіс. Соған сәйкес біз қаражат бөлеміз», - деді Қ.Ақсақалов.

Еске сала кетейік, осыған дейін аймақ басшысы келесі жылы аудан орталықтарының ішінде жөндеу жұмыстары басталатынын айтқан болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069875
Пікірлер

Көрші сілтемелер