Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-221627291051 %49 %

Түркістандық прокурорлар 8 мың кәсіпкердің құқығын қорғады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:30 - 2019/11/09


Түркістандық прокурорлар 8 мың кәсіпкердің құқығын қорғады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының прокуратурасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалымен бірге бекітілген ынтымақтастық меморандум аясында аталған бағдарламаны белсенді түрде жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Степногорда бюджеттен ірі көлемде ақша ұрлағандар үш жарым жылға сотталды Түркістан облысының прокуроры мақтааралдық тұрғындармен кездесті Ақмола прокурорлары Абай өлеңдерін бірнеше тілде шырқады

Облыстық прокуратураның мәліметінше, жергілікті атқару органдары өкілдері мен құқық қорғау және бақылаушы органдары басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.

Бұл жиын өңірдегі кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған жұмыстардағы қиындық туғызатын өзекті мәселелерді анықтау мен оны бірлесе отырып шешудің жолын қарастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Кеңес барысында мақта өніміне қатысты бағаның тұрақсыздығы мәселесі көтеріліп, халықты газбен қамтамасыз етуші монополистердің көрсетілетін қызметтері үшін алдын-ала жүз пайыздық төлемдерді сұрау талаптары сөз болды.

Сондай-ақ, облыстың 12 ауылдық округіндегі кәсіпкерлердің жер учаскелерін қайта рәсімдеу мәселелері бойынша өзекті мәселелер қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша жүйеленген мәселелердің оң шешімін табатын механизмін жасау және кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған кезек күттірмейтін шараларды шешу керектігі айтылды. Бұл міндеттерді орындау үшін құқық қорғау мен бақылаушы органдары қызметкерлері құрамынан «эксперттік топ» құру шешімі қабылданды.

Облыс прокурорының бұйрығымен «Эксперттік топтың» ережесі бекітіліп, жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді. Ендігі жерде кәсіпкерлер қиындық туғызған мәселелері бойынша облыс прокуратурасы жанынан құрылған топтың уәкілетті тұлғаларына, облыс прокуратурасы немесе «Атамекен» ҰКП-ның облыстық филиалы арқылы өтініштерін білдіре алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069771
Пікірлер

Көрші сілтемелер