Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12622160141 %59 %

СҚО жолдарына патрульдік автокөліктердің макеті қойылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 04:33 - 2019/11/09


СҚО жолдарына патрульдік автокөліктердің макеті қойылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының маңызды тас жолдарында патрульдік машиналардың макеттері пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Мәжілістің тұңғыш төрағасы Марат Оспановты еске алу кеші өтті Қызылордада 425 қойы бар отбасы әлеуметтік көмек алған Павлодарда анасы 7 жылдан кейін ұлын Ресейден қайтарып алды

Алыстан патрульдік машинадан аумайтын бұл макеттер жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы макет М.Жұмабаев ауданында республикалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» тас жолы бойында қойылды. Көшпелі макеттер трассаның апат жиі болатын қауіпті аймақтарына орнатылады. «Алдын-алу шарасының нәтижесі бар», - дейді тәртіп сақшылары. Көлік жүргізушілері патрульдік машинаны көріп, алыстан жылдамдықты түсіре бастайды екен.

«Тас жолдарда жылдамдықты шектен тыс асыру жиі кездеседі. Оның салдары жол-көлік апатына апарады. Сараптама республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік апатының азайғанын көрсеткенімен, қайғылы жағдайларға жол бермес үшін барлық тиімді іс-шараларды қолдану қажет», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан облыстан өтетін республикалық жолдарда 26 апат тіркеліп, 9 адам қаза тапты, 45-і жарақат алды. Былтыр 38 көлік жол-көлік апатында 26 адам мерт болса, 60-ына дәрігерлердің көмегі қажет болған.

Облыстық патрульдік полиция батальонының 15 экипажы күнделікті 1347 шақырымға созылып жатқан республикалық маңызы бар жолдарда кезекшілік атқарады. Енді оларға жолдағы тәртіпті сақтауға арнайы макеттер көмектеспек.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069758
Пікірлер

Көрші сілтемелер