Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21932380750 %50 %

2020 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдайтын портал іске қосылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:36 - 2019/11/09


2020 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдайтын портал іске қосылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау оңтайландырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның үздік әлеуметтік қызметкерлері марапатталды Ақмолада халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері марапатталды Қазақстанда биылғы үздік әлеуметтік жобалар анықталды

Әсия Темірбаеваның сөзінше, бүгінде облыста 93 мың мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр. Келесі 2020 жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары әлеуметтік қызметтер порталын енгізу арқылы жүргізілетін болады.

«Біздің негізгі мақсатымыз – оларды белсенді қоғам өміріне тарту. Осы мақсатта мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қорғаудың және қолдаудың кешенді шаралары қарастырылып отыр. Оның ішінде жәрдемақылардың 4 түрі, қызметтер мен оңалту құралдарын, санаторий-курорттық емдеуді, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну», - деді Әсия Құралқызы.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған мәселелер алдағы уақытта әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы шешілетін болады. Портал оңалту құралдары мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқартуға және олардың сапасын арттыруға бағытталған. Порталды енгізу нәтижесінде тауарларға үлкен таңдау, оңалту құралдары мен қызметтер нарығына теңдей қолжетімдік қамтамасыз етілмек. Мемлекеттік қызметтердің сапасы өседі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырмайды.

«2020 жылдан бастап 5 бизнес-процестің 2 түрін порталға ауыстыру жоспарланып отыр. Олар: арнаулы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының ішінен 24 түрімен қамтамасыз ету. 2020 жылдың көктемінен бастап қызметтердің қалған 3 бизнес-процессін Портал арқылы алу мүмкіндіктері қарастырылуда», - деді Әсия Темірбаева.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069739
Пікірлер

Көрші сілтемелер