Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1832196032 %68 %

Президент Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткішті ашты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:12 - 2019/10/10


Президент Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткішті  ашты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы, әдебиет алыбы Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткішті ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтына барды Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы автотұрақ мәселесін көтерді Мемлекет басшысы масаны жою жұмыстарына назар аудартты

Ақтау қаласындағы 19А шағынауданда бой көтерген ескерткіштің авторы - мүсінші, суретші Көшер Байғазиев.

Ескерткіш қоладан тұрғызылған. Биіктігі – 3,5 метр. Салмағы - 3,5 тонна. Мүсін тұғырының биікті – 2,4 метр.


Құрылыс жұмыстары 2019 жылы мамырда басталған. Құны 48 млн теңге болатын жобаның демеушісі - NCOC компаниясы.

Айта кетейік, биыл әдебиетіміздің алып бәйтерегі Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толды. Осыған орай, абыздың туып-өскен жері Маңғыстауда мерейтой халықаралық деңгейде тойланбақ. Республиканың түкпір-түкпірінен қаламгердің замандастары, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері - барлығы 100-ге жуық адам арнайы қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, бүгін Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған шаралардың ресми ашылу салтанаты болады. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысады деп жоспарланған.


Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауға келді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058296
Пікірлер

Көрші сілтемелер