Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %

Әуедегі ұрыс, зымырандардың іске қосылуы – Сарышағанда оқу-жаттығу өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:45 - 2019/09/11


Әуедегі ұрыс, зымырандардың іске қосылуы – Сарышағанда оқу-жаттығу өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қарағанды облысының «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2019» тактикалық оқу-жаттығуының ең көзтартар белсенді фазасы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қызметшілердің дайындығы мен кәсіпқойлық деңгейіне баға беруге келді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен авиациясына  шартты қарсыластың нысаналарын жою жөнінде тапсырма берілді. Ми-35М жауынгерлік тікұшақтары озық  радиотехникалық бөлімшелер,  Су-30СМ жойғыш ұшақтары, басқару пункттері, әуеайлақтар мен шартты қарсыластың  әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары бойынша әуе соққысын жасады, ал Су-25 шабуылдаушы материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоймаларын жойды. Жаппай шабуылды МиГ-31Б жойғыш ұшақтары жалғастырды. Бүгінгі таңда бұл әлемдегі ең жылдам жауынгерлік ұшақтардың бірі болып табылады. Жойғыш ұшақ сағатына 3000 км жылдамдыққа дейін ұшып, стратосфера қабатына көтеріле алады.



Жердегі және әуедегі нысаналарды жою үшін авиация «әуе-жер» және «әуе-әуе» класындағы басқарылатын және басқарылмайтын авиациалық зымырандарды, ретке келтірілетін авиациялық және жарқыншақты-фугасты бомбаларды қолданды. Әуе ұрысын жүргізуден басқа ұшқыштар сценарий бойынша апатқа ұшырап, істен шыққан ұшақ экипажын құтқаруды пысықтады.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында қанатты зымыранға тосқауыл жасауды, сондай-ақ С-200, С-300, С-75, С-125, «Круг» және «Куб» зениттік-зымыран кешендерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін паш етті.



Әскери қызметшілердің дайындық деңгейі мен шеберліктеріне баға беруге ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді. Ол қатысушыларды қарсы алып, Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің басшылығына алғыс білдірді. Сонымен қатар шеберліктің жоғары деңгейін атап өтіп, достастық армиялардың әскери қызметшілеріне ашық аспан тіледі.



«Жауынгерлік достастық-2019» халықаралық оқу-жаттығуы Ресей мен Қазақстанның әскери полигондарының аумағында өткізілгенін естеріңізге сала кетейік.

«Сарышаған» полигонындағы оқу-жаттығуға Әуе қорғанысы күштерінің барлық әскери бөлімдері, әуе шабуылына қарсы қорғаныстың техникасы мен қару-жарағы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің авиациясы тартылды. Одан басқа, алғаш рет аталмыш оқу-жаттығуға Қырғызстан ӘШҚҚ әскерлерінің жауынгерлік есептоптары қатысты.






Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046849
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 10 min
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 20 min
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 1 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 2 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 2 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 2 sagt
Менің жазғы демалысым 2 sagt
Оралда қос автокөлік тү 2 sagt
Шамалғандағы апат бойын 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Апаттан зардап шеккенде 3 sagt
Хабарландыру! – S 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 3 sagt
Шамалғандағы апат болға 3 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Бішкекте барысты қорғау 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
А каков твой намаз?! | 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt