Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2118259643 %57 %

Францияның әуе компаниясы банкрот болып, 13 мың жолаушы жолда қалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:30 - 2019/09/11


Францияның әуе компаниясы банкрот болып, 13 мың жолаушы жолда қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Франциялық Aigle Azur авиакомпаниясы банкроттығын жариялаған соң, 13 000 жолаушы жолда қалды, деп хабарлайды CNN.

Оның 11 000-ы Алжирда, қалғаны өзге мемлекеттерде қалған. Бұл туралы Франция транспорт агенттігінің хатшысы Жан-Батист Джеббари айтты.

Aigle Azur компаниясы өткен жылы 1,9 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Алайда, өткен аптаның жұма күні, кешке қарай банкроттығын жариялап, барлық рейстерін тоқтатқан.

Джеббаридың хабарлауынша, 1150 қызметкер мен 500 экипаж мүшесі жұмыссыз қалды. Ал 13 000 жолаушының 11 000-ы Алжирде, қалғаны Мали, Ливан, Мәскеу және Сенегалда қалып қойған. «Бұл жолаушылардың елге оралуы үшін 3 аптадай уақыт қажет» деді Джеббари.

Aigle Azur авикомпаниясының рейстері Франция-Алжир арасында жұмыс істейтін еді. Қытайлық HNA Group конгломераты - Hainan Airlines иесі,сондай-ақ Aigle Azur компаниясының 49 пайызына ие болатын. Қалған 32 пайызы америкалық кәсіпкер Дэвид Нилеманға, 19 пайызы франциялық бизнесмен Жерар Хуаға тиесілі еді. 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046844
Пікірлер

Көрші сілтемелер