Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-231391591239 %61 %
2019-10-2412350925 %75 %

Электронды темекі зиянсыз ба - маман жауабы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:18 - 2019/09/11


Электронды  темекі зиянсыз ба - маман жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электронды  темекінің зияны қарапайым темекімен бірдей. Бұл жайында Астанада медицина университетінің ректоры, «Қазақстандық медициналық кеңес» Медициналық білім және ғылым ұйымдары қауымдастығының президенті Дайнюс Павалькис айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұшақ бортында шылым шеккендерге 126 мың теңге айыппұл салынады

«Электронды  темекінің зияны қарапайым темекімен бірдей. Е-темекілерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) мүше 195 мемлекеттің 30-ында тыйым салынған. Ал 65 мемлекет оны реттеу бойынша заңнамалық шаралар енгізген. ДДҰ соңғы зерттеулеріне сәйкес, олардың құрамында формальдегид, ацетальдегид  сияқты уытты толтырғыштар бар. Өкінішке орай, жаңа девайстарға қатысты зерттеу жүргізу үшін көп уақыт пен ресурстар қажет. Өйткені, қазіргі заманда темекі өнеркәсібі бір орында тұрмайды және жастарды жаңылыстыратын көптеген түрлі маркетингтік жаңалықтарды енгізуде. Бірақ олардың «төмендетілген» зияндылығы осы уақытқа дейін әлі расталған жоқ«, - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда электронды темекіге қарсы шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі »Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы« жаңа кодекс жобасын әзірлеген. Аталған жобада электронды темекіге де қарапайым темекіге қойылатын талап сияқты дүкендерде жайып сатуға тыйым көзделген. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсысынына толықтай сай келеді.

»ДДҰ электронды темекілерге  басқа темекі өнімдеріне қойылатындай реттеу шараларын қабылдау бойынша ұсыныстар береді«, - деді Дайнюс Павалькис.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046812
Пікірлер

Көрші сілтемелер