Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22422159453 %47 %

Хан Тәңірі шыңында Черногориядан келген альпинист қаза тапты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:42 - 2019/08/14


Хан Тәңірі шыңында Черногориядан келген альпинист қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Кабар – Хан Тәңірі шыңында (7 010 метр) 7 тамызда қайғылы оқиға болды – Черногориядан келген альпинист Милан Радович қаза тапты. Қаза тапқан черногориялық альпинистің денесін базалық лагерьге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.


«Дене және техникалық дайындықты қажет ететін, 7010 метр биіктіктегі Хан Тәңірі шыңына сәтті шыққан Милан Радович 4-ші биіктік лагеріне түскен. Кейін ол тұрған мұз шытынап кетіп, 1 000 метр құздан құлап, қаза тапты», - делінген «Visokogorci Crne Gore» альпинистер клубының сайты.

Айта кеткен жөн, марқұммен бірге жұмыс істеген әріптесі Александр Джаджич зардап шекпеген. Ол қайғылы оқиға болған кезде альпинистер 6 400 метр жерге орнатқан палаткада болған.

«Ак-Сай трэвел» туристік компаниясының кеңесші-құтқарушысы Тимур Малахуновтың айтуынша, қаза тапқан черногориялық альпинистің денесі базалық лагерьге жеткізілді.

Еске салайық, черногориялық альпинистер Тянь-Шань тауында экспедицияны 20 шілдеде бастаған. Олардың басты мақсаты – 7 439 метр биіктіктегі Жеңіс шыңына шығу болған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034267
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар