Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-10996403847 %53 %

14 тамыз: Туған күн иелері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:12 - 2019/08/14


14 тамыз: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 14 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


61 жыл бұрын (1958) «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ президенті Еркін Сейдеғалиұлы ДҮЙСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Дмитриевка ауылында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

ҚазССР ГА математика және механика институтының инженері, Сәулет-құрылыс институтының комсомол комитеті хатшысының орынбасары, Жамбыл аудандық ақпараттық-есептеу орталығының инженері, басшысы, «Қазахинтерарт» АӨТБ бас директоры, Қазкредсоцбанк «Райымбек» филиалының директоры, ҚР Мемлекеттік инвестициялар комитетінің менеджері, «Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаменті» РМК бас директорының бірінші орынбасары, ҚР СІМ ТМД департаменті бастығының кеңесшісі. 1999-2000 жылдары - «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» РМК бас директоры. 2000-2009 жылдары - «¥лттық сараптау және сертификация орталығы» АҚ президенті. 2009-2011 жылдары - ҚР көлік және коммуникация вице-министрі. 2011-2012 жылдары ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және байланыс жолдары комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2013 жылдан бері. «Құрмет» орденімен марапатталған (2008).


58 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Әдеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанат Әнуарбекқызы ОМАРБЕКОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған.

Семей қаласының Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын және Қазақстан-Ресей университетін бітірді. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.

1983-1984 жылдары Семей қаласы №36 орта мектебінің мұғалімі. 1984-1986 жылдары Екібастұз қаласы кентау техникумының физика мұғалімі. 1986-1990 жылдары Екібастұз қаласы СПТУ-14 физика мұғалімі. 1990-1994 жылдары «Азат» ШК-ның ғылыми қызметкері. 1994-1999 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкері. 1999-2008 жылдары Екібастұз қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты филиалының директоры. 2008-2009 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС коммерциялық директоры. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы. 2010-2016 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС бас директоры. 2010 жылдан бастап «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» президенті. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша сайланған. Паралимпиядалық спорттың дамуына үлес қосқаны үшін «Қайсар Тұлға» сыйлығының лауреаты.


57 жыл бұрын (1962) ҚР ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы ТҰРҒЫМБАЕВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2004).

1984 жылдан - Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі. 1986 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 1993 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары. 1995 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы. 1996 жылдан - Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы, ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы. 1997 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІІ. бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 2000 жылдан - ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы. 2002 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдан - СҚО ІІБ бастығы, 2006 жылдан - ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 2006 жылдың шілде айынан - Алматы қаласының ІІД бастығы. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары (2012-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылғы ақпаннан бері.

II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын», III дәрежелі «Апександр Невский» (РФ) ордендерімен; 11 медальмен марапатталған. ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.


57 жыл бұрын (1962) Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы ҚОШАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. Қарағанды политехникалық институтының кен-механика факультетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономика факультетін бітірген.
1985 жылдан - «Жезқазғантүстімет» ӨБ байыту фабрикасының слесары, шебері. 1987 жылдан комсомол органдарында жұмыс жасады. 1989 жылдан - Жезқазған облысы бойынша Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы. 1995 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 1999 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі. 2008 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі. 2007 жылдан ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі. 2012-2017 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. Қазіргі қызметінде - 2017 жылғы наурыздан бері.


47 жыл бұрын (1972) ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Юрьевич ВАСИЛЕНКО дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған.

1994 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын бітірген.

1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің жетекші маманы, референт. 1996-1999 жылдары – ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының көмекшісі. 2000-2007 жылдары – ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2012-2013 жылдары – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары. 2013-2014 жылдары – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2014 - 2016 жылдары – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2016 жылғы наурыздан қазіргі қызметінде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034129
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар