Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-158524716 %84 %

Ақтөбедегі «Baqytty bala» байқауына Димаш Құдайберген қатысуы мүмкін



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:21 - 2019/07/12


Ақтөбедегі «Baqytty bala» байқауына Димаш Құдайберген қатысуы мүмкін

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - екінші рет «Baqytty bala» байқауы өтеді. Әлемнің сегіз елінен өнерпаз қатысып, гала концертте Димаш Құдайберген ән шырқауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударады Димаш елордада Денис Тенге арнап ән шырқады

«Baqytty bala» байқауына Украина, Ресей, Белорусь, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Греция, Молдова елінен өнерпаздар келді. Канада елінің қатысушысы құжат рәсімдеуге кешігіп, 2020 жылы болатын байқауға бірінші болып жолдама алып отыр.

«Биыл балалардың вокалдық конкурсы екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Барлығы 500-ден астам өтініш түссе, оның жиырмаса іріктелді. Гала концерт 14-шілде күні өтеді. Балалар өте талантты, дайындықпен келген. Бір айта кетерлігі, байқаудың гала концертіне Димаш келеді деп күтіп отырмыз. Әлем жұлдызының уақыты аз, кестесі тығыз болғанымен үміт үзбейміз. Келсе қуанамыз, амандық болса қауышамыз», - деді қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева.


Байқауды қалалық әкімдіктің қолдауымен «Димаш Әли» продюссерлік орталығы бірге ұйымдастырып жатыр. Әділқазылар арасында Украинаның танымал әншісі Аида Николайчук, Ресей композиторы Евгений Евзеров, саунд-продюсер Ерлан Бекчурин, композитор әрі орындаушы Ұлықпан Жолдасов, Димаштың ұстазы Марат Әйтімов бар.

«Балалар Ақтөбеде бір апта болады. Олар осы арқылы достарып, кәсіби дамуға мүмкіндік алады. Білікті ұстаздар шеберлік сабағын өткізді. Балалар алдымен ана тілінде, кейін әлемдік хит әнді орындайды. Балалар қайырымдылық шараға да қатысып, замандастарына көмектеседі, оларды өз конкурсына шақырды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу де ерекше өтеді деп жоспарлап отырмыз», - деді фестиваль режиссері Анна Обоянская.
Айта кетейік, вокалдық байқаудың жүлде қоры 2 миллион теңге. Бас жүлде иегеріне 1 миллион теңге беріледі. Сонымен қатар жергілікті әкімдік қатсушыларды күту жұмыстарын өз міндетіне алды.


«Димаштың арнайы сыйы туралы конкурс кезінде белгілі болады. Бас жүлде өткен жылы екі қатысушыға берілді. Биыл да байқау барысында бәрі өзгеруі мүмкін», - деді Қанат Айтбаев.
Ақтөбе облысынан Аңсар Жүсіп, Лаура Серкебаева, Әділ Орынбасаров қатысады. Сонымен қатар байқауға қатысатын Димашты көру үшін Түркия, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Болгариядан 12 фанаты келді. 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022496
Пікірлер

Көрші сілтемелер