Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-151729576164 %36 %

Ауғанстан мемлекеттік қорға СҚО бидайын сатып алмақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:21 - 2019/07/12


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Ауғанстан елшісі Мұхаммад Фархат Азимимен кездесіп, екі жақты кездесу барысында өзара ынтымақтастық әңгіме арқауына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде ешкі сүтінен айран ұйытыла бастады Зиянкестермен күреске 5 млрд теңге жұмсалады - министрлік

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстанмен Ауғанстан елі арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Биылғы 6 айда облыс шет мемлекетке 13 млн долларға бағаланатын 60 мың тонна өнім жөнелтті. Құмар Ақсақаловтың пікірінше, алда екі жақты тиімді әріптестікті дамытуға бар мүмкіндік жасалған.

«Біздің облыс үшін Ауғанстан экспорт бойынша басты серіктес. СҚО экспортының 28 % осы Ауғанстанға тиесілі. Біз сіздерге бидай және майлы дақылдарды, ұнды және экологиялық таза өнім - биоэтанолды жеткізуге дайынбыз»,- деді Құмар Ақсақалов.

Кездесуде сөз алған Ауғанстан елшісінің айтуынша, олар  мемлекеттік қорды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның солтүстігінен бидай алуға әзір.

«Бізге мемлекеттік қорды 4 жылға қамтамасыз етуіміз керек. Ол үшін солтүстікқазақстандық бидай мен ұнды көптеп алуға дайынбыз. Қазір біз жылына 1,6 млн тонна сатып ала аламыз. Сіздермен меморандум жасайық. Нәтижесінде Петропавлға көкөніс, жеміс-жидек және басқа да тауарларды жеткізетін боламыз», - деді Мұхаммад Фархат Азими.

Солтүстік өңірге қысқы уақытта Ауғанстаннан көкөніс, жеміс-жидек жеткізу - облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Екі тараптың пікірі бұл кездесу әріптестікті одан әрі дамытуға зор ықпал етеді дегенге сайды.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1022331
Пікірлер

Көрші сілтемелер