Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ҚазҰУ қызметкерлері екпе салдыра бастады | DalaNews



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 10:30 - 2021/04/06

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/news/61392-qazuu-qyzmetkerleri-ekpe-saldyra-bas


ҚазҰУ қызметкерлері екпе салдыра бастады | DalaNews
| DalaNews

ҚазҰУ қызметкерлері екпе салдыра бастады

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  оқытушы-профессорлық құрамы  мен  қызметкерлері  «Спутник V»  екпесін қабылдай бастады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық азаматтарды ковидке қарсы екпе салдыруға шақырып, бұл біздің азаматтық парызымыз екенін атап өткен болатын. ҚазҰУ бірауыздан мемлекет басшысының үндеуін қызу қолдап, екпе салдыруға оң көзқарас танытты. Ең алғаш болып екпе қабылдаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері қауымдастығының атқарушы директоры Күлғазира Балтабаева: «Екпе салдыру туралы хабарламаны оқыдым да еш ойланбастан мені тізімге қосуын сұрадым. Өйткені, бұл дерттің алдын алу үшін өте қажетті қадам. Соңғы рет тұмауға қарсы екпе қабылдадым және бүгінге дейін бұл ауруға шалдықпадым. Қазір де екпеге деген сенімім мол. Өзім үшін ғана емес, жақындарым үшін де бұл өте маңызды шешім» дейді.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі,  ҚазҰУ-дың бірінші проректоры міндетін атқарушы Қанатбек Мұқанов барша қазақстандықтарды екпе салдырудан бас тартпауға шақырды. «Бүгінгі күні қоғамның пікірі екіге бөлініп, вакцина бізге керек пе, жоқ па деген екіұдай сауал туындап тұр. Екпені сөзсіз ектіру керек! Бұған басқа балама жоқ.  Мен медицина тарихындағы небір кеселдің емін тапқан  екпелердің тиімділігі туралы зерттеу жұмыстарын жасадым. Екпе – медицина саласындағы озық идеялардың жемісі. Қазір әлеуметтік желілерде чиптер туралы және басқа да алыпқашпа жалған ақпарат өріп жүр. Оған сенудің қажеті жоқ.  Өйткені вакциналық екпе адамзатты шешек, оба және басқа да ауыр пандемиялардан құтқарып қалды және ондай дерт вакцинациядан кейін қайталанбады. Сондықтан мен барлық азаматтарды екпе жасатуға шақырамын! Бұл мәселеде екі ой туындамағаны абзал. Мүмкін болса, екпе салдырған дұрыс. Алдымен, өзіңізден бұрын, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың денсаулығын ойлауыңыз керек. Бүгінде осындай сауалдар қоғамда аса өзекті болып тұр»– деп, барлық әріптестеріне қолдау білдірді Қанатбек Мұқанов.

ҚазҰУ проректоры м.а. Мехмет Арслан екпе салдырудың қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін айтады. «Мен проректор ретінде қызмет бабымен жиі іс-сапарларға барамын. Әртүрлі іс-шаралар барысында көптеген жандармен кездесемін. Қызмет бабына байланысты өзімді өзгелер үшін де жауапты сезінемін. Сондықтан, бірден екпе қабылдауға шешім қабылдадым. Студенттердің де, оқытушылардың да амандығы үшін барлығымыз екпе алуымыз қажет. Әсіресе білім ордасында барынша жауапкершілікті сезініп, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланған жөн» деген ойымен бөлісті.

ҚазҰУ медициналық орталығына әзірге 50 екпе берілген. Келесі лекке 600 екпе берілетін болады. Еріктілерді екпемен толық қамту жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, «Спутник V» – әлемдегі алғаш тіркелген, тиімділігі 90%-дан  асатын үш екпенің бірі. Оның тиімділігі 91,6%-ды көрсеткен, бұл мәлімет 19 866 еріктіге сынақ жүргізілгеннен кейін алынған. Қазақстан – бұл екпені тіркеген әлемдегі 27-ші мемлекет. Елімізде 1 ақпаннан бастап азаматтарға короновирустық инфекцияға қарсы екпе салу басталған болатын.

Николай Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған Гам-КОВИД-Вак немесе «Спутник V» вакцинасы иммундық реакциясын күшейту үшін 3 апта аралығымен екі рет салынады. Бірінші вакцинамен 26 аденовирус серотипіне негізделген вакцина, ал екіншісімен 5 серотип енгізіледі. Екпе салу ерікті түрде жүргізіледі. Әрбір азамат таңдау құқығына ие. Ерікті түрде шешім қабылдап, алдын алу үшін әрекет жасау қазіргі таңда аурудан құтылудың жалғыз жолы болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Тағы оқыңыз:

 

«Таңбалы» қорық-музейінде ҚазҰУ-дің филиалы ашылды

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1383878
Пікірлер

Көрші сілтемелер