Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Таңбалы» қорық-музейінде ҚазҰУ-дің филиалы ашылды | DalaNews



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 15:45 - 2021/04/05

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/news/61377-tangbaly-qoryq-muzeyinde-qazuu-ding-f


«Таңбалы» қорық-музейінде ҚазҰУ-дің филиалы ашылды | DalaNews
| DalaNews

«Таңбалы» қорық-музейінде ҚазҰУ-дің филиалы ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды.

Таңбалы қорық-мұражайы Алматы қаласының 170 км солтүстік-батысында, Жамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылының маңында орналасқан. ЮНЕСКО-ның қорғауындағы тарихи нысанда  әр түрлі уақыт аралығын қамтитын үш мыңға жуық петроглифтерді құрайтын жүзден астам ескерткіштер бар.

Археолог, этнолог, музейтанушы мамандар даярлауда мұражай мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп атқаратын жұмыстарының маңызы зор. Болашақ археология, этнолог мамандарының білімдерін жетілдіріп, нақты өндірістік іс-тәжірибе алу үшін мұражай базасында өзекті тақырыптар бойынша семинарлар, конференциялар, ғылыми-зерттеу жобалары, шеберлікті шыңдау сабақтары, тренингтер өткізу сияқты ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

«Таңбалы» қорық-мұражайында ашылған археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы қилы дәуірлердегі археологиялық ескерткіштерге бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу, Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерттеу, жартас суреттерінің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру жұмыстарымен айналысады.

Тағы оқыңыз:

 

Әлемнің жас ғалымдары ҚазҰУ-дің онлайн конференциясына қатысты

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1383359
Пікірлер

Көрші сілтемелер